Астанада аялдама әйнегін әдейілеп сындырған ер адам ұсталды

0
677

Оның бұл әрекетін досы камераға түсіріп алған.


Астанада аялдама әйнегін әдейілеп сындырған ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Елордада мас жігіт Республика даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында орналасқан аялдама павильонының әйнегін теуіп сындырды. Оның бұл әрекетін досы камераға түсіріп алған, деп жазады zakon.kz.

Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, таңертеңгі сағат төрт шамасында үш дос ойын-сауық орнынан шыққан. Үйіне қайтып бара жатқанда, олардың бірі мас күйінде Республика даңғылындағы аялдаманың әйнегін сындырған. Оның бұл әрекетін досы видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.

Құқық қорғау органдары кінәні толық мойындаған құқық бұзушыларды тапты.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігімен ("бұзақылық") тіркелді.

Жыл басынан бері елордалық полицейлер жүзден астам осындай заң бұзушылықты анықтады.