Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлады

0
329

Видеодан қасбеттің баланың басына қалай құлағанын байқауға болады.


Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлады

ERNUR.KZ. Елордада көпқабатты тұрғын үйден шыға берген баланың үстіне қасбет құлады, деп жазады inform.kz.

Желідегі жазбаға қарағанда оқиға «Sat City» көпқабатты тұрғын үйде (Асфендияров көш, 7) болған. Видеодан қасбеттің баланың басына қалай құлағанын байқауға болады.

Баланың жағдайын білу үшін қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына хабарласқан едік.

«2024 жылғы 12 мамырда №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының травматологиялық пунктіне бастың самай бөлігінің жаралынуымен 2013 жылы туған бала түсті. Тексеру кезінде қан кетусіз көгерген жара анықталды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық», - дейді басқармадан.

Хабарламада айтылғандай, бала хирургтың амбулаториялық бақылауына жіберілген, сондай-ақ тиісті ұсыныстар берілген.