Астанада биотехнолог маман пәтерді есірткі шығаратын лабораторияға айналдырған

0
404

Дайын өнімді ол интернет-дүкен арқылы сатқан.


Астанада биотехнолог маман пәтерді есірткі шығаратын лабораторияға айналдырған

ERNUR.KZ. Елордалық полицейлер «Қарасора 2021» рейдтік шарасы барысында синтетикалық есірткі шығарумен айналысатын лабораторияны анықтап, жұмысын тоқтатты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Күдікті 27 жаста, ол ЖОО-да биотехнолог мамандығына оқып шыққан. Университетте алған білімін есірткі жасауға пайдаланған. Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде пәтер жалдап, синтетикалық есірткіні сол жерде жасаған. Сондай-ақ, жас жігіт интернет-дүкен ашып, жасаған өнімін сонда сатқан.

Күдіктіні тінту кезінде оның үйінен формула жазылған дәптер, электронды таразы, химиялық компоненттер, колба, полиэтилен қалталар, компьютер және 10 грамм көлемінде синтетикалық есірткі табылып, тәркіленіп алынды.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынған. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмысы дәлелденсе күдікті 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.