Астанада болған оқиғаға байланысты аналарды қолдайтын әртүрлі іс-шаралар мен тұрғын үйлердің қауіпсіздігі және жұмыспен қамту мәселелері бойынша жұмыстар жасалады.
ERNUR.KZ. Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Хабар" телеарнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасына берген сұхбатында Астанада өрт салдарынан қайтыс болған бес қыздың қазасы қандай проблемалардың ашып бергені жайлы пікір білдірді, - деп жазады Tengrinews.kz.
Бағдарламада министрден Астанада болған жағдайдан кейін үкімет қандай іс-шаралар жасайтыны туралы сұралды. "Ол аналарды қолдайтын әртүрлі іс-шаралар мен тұрғын үйлердің қауіпсіздігі және жұмыспен қамту мәселелері", - деді жүргізуші сұрағын толықтырып.
"Шынымен, қайғылы жағдай болды. Президент қаза болған қыздардың ата-анасына көңіл білдірді. Оған қоса, осындай жағдайлар қайталанбауы үшін бірқатар тапсырма берді. Кеше ғана еліміздегі халықтың табысы мен өмір сапасын көтеру үшін жұмыс тобы құрылды. Оның ішінде көпбалалы отбасылардың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсаты тұр. Жұмыс тобын Ерболат Асқарбекұлы Досаев басқарады. Бұл құрылған жұмыс тобын Президент өз бақылауына алды. Құрылған топ аналардың әлеуметтік жағдайын көтеруге септігін тигізетініне өз басым сенімдімін", - деді Абаев.