Мақсат қала тұрғындарының спортпен шұғылдану қолжетімділігін арттыру.
ERNUR.KZ. Есіл және Алматы аудандарында екі бірдей жабық футбол алаңы тұрғызылады, деп жазады Елорда Инфо.
Кешен аумағында 2 шағын футбол алаңы және әкімшілік ғимарат ( 1 душ бөлмесі, 1 киім ауыстыратын бөлме, 1 әкімшілік аумақ) орналасады.
«Жоба мақсаты – шағын футбол алаңдарын жалға беру арқылы аталған спортпен әуестенушілерге қызмет көрсету. Сол арқылы қала тұрғындарының спортпен шұғылдану қолжетімділігін арттыру», - деп жазылған корпорацияның Фейсбук парақасында.
Кешен қызметін жасөспірімдермен қатар, осы спорт түрімен айналысатын ересектер, сондай-ақ жұмыстан кейінгі уақытта ұжым болып ойнайтын футбол әуесқойлары пайдалану мүмкіндігі болады.
Жаңадан салынатын жабық кешеннің мекен-жайы:
Астана қаласы «Есіл» ауданы, Ілияс Омаров және Орынбор көшелерінің қиылысы, Жағалау-3 шағын ауданы. Жер учаскесінің аумағы: 0,3630 гектар;
Астана қаласы «Алматы» ауданы, Б. Майлин және М. Төлебаев көшелерінің қиылысы. Жер учаскесінің аумағы: 0,5 гектарды құрайды.