Астанада құрылысы бітпеген үйде алапат өрт шықты

0
132


Астанада құрылысы бітпеген үйде алапат өрт шықты

Фото: Видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Астанада құрылысы бітпеген көпқабатты үйде алапат өрт шықты, деп жазады Stan.kz.

ТЖМ дерегіне сәйкес, жалын Астана қаласының Сарайшық ауданындағы А-32 көшесінде он екі қабатты тұрғын үйде тұтанған.

“Алғашқы бөлімшелер келген кезде бірінші қабаттан жетінші қабатқа дейін жылу оқшаулағыш материалдың ашық жалынмен жанып жатқаны байқалған. Дереу өрт сөндіру оқпандары берілді. Өртті толық сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді”, – делінген хабарламада.

Өрт бірер сағаттан кейін сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.