Астанада күтуші баланы қылқындырып өлтірді деген күдікпен ұсталды

0
416

Астанада күтуші 2 жасар баланы өлтірді деген айыппен ұсталды.


Астанада күтуші баланы қылқындырып өлтірді деген күдікпен ұсталды

ERNUR.KZ Бала қылқынудан жан тапсырған, деп жазады Stan.kz.




38 жастағы бала күтушінің ұсталғаны туралы әлеуметтік желіде тараған.

"Дереккөздің мәліметінше, бала күтуші 2 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторында", - делінген Egov.pressTelegram-арнасындағы жазбада.

Полиция аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.

"Күдікті ұсталып, изоляторға қамалды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.