Астанада қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай талқыланады

0
586

Қырғыз Республикасының басшысы Садыр Жапаров пен Тәжікстан Республикасының басшысы Эмомали Рахмонның бірлескен кездесуі Ресей президенті Владимир Путиннің бастамасымен ұйымдастырылды.


Астанада қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай талқыланады
ERNUR.KZ. 13 қазанда Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері Ресей Федерациясының ықпалдастығымен Астанада өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті аясында қырғыз-тәжік шекарасындағы шиеленістер бойынша үшжақты кездесу өткізеді. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Қырғыз Республикасының басшысы Садыр Жапаров пен Тәжікстан Республикасының басшысы Эмомали Рахмонның бірлескен кездесуі Ресей президенті Владимир Путиннің бастамасымен ұйымдастырылды. Ол Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара мәселелерін шешуге көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Бұған дейін хабарланғандай, 12-13 қазанда Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Оған Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Қатар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Беларусь басшылары, Вьетнам вице-президенті және ҚХР төрағасының орынбасары қатысады.