Дегенен оқушылардың ата-анасы директорды жақтап, оның жазасын жеңілдетіп, жұмыстан шығармауды сұрайды.
ERNUR.KZ. Директор 28 наурызда, яғни демалыс кезінде кешкі 18:30-да мектеп хатшысын еске алып, ас бергені анықталды. Мұндай шағым “Жалобы Астана” сайтында пайда болды. Сонымен қатар ол жерде директор мектеп асханасында осындай іс-шараларды өткізіп, кәсіп жүргізуді ойлап жүргені айтылған, деп жазады stan.kz.
Дегенен оқушылардың ата-анасы директорды жақтап, оның жазасын жеңілдетіп, жұмыстан шығармауды сұрайды.
“Біз – осы мектептің ата-аналары, директорымыздың жұмысына көңіліміз толады және оны жұмыстан шығудан қорғағымыз келеді. Әрине, бұзушылық болғанын білеміз, жоққа шығармаймыз. Қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр, бірақ біз жұмыстан шығармай, дұрыс шешім қабылса деп сұраймыз”, – деді олар.
Олардың сөзінше, білім басқармасы бұл арызды бірден қарап, келесі күні тексеріс жүргізу үшін прокуратура өкілдері келген. Осы тексерістен кейін директор инсульт ала жаздап, ауруханаға жатқызылған.
Астана қаласының білім басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
“Осы мәселе бойынша басқарма комиссия құрып, қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі білім басқармасы жанындағы тәртіптік комиссия отырысында қаралады”, – басқарма өкілдері.
Айта кетейік, Павлодардағы мектептердің бірінде қызды ұрған 6-сынып оқушысының анасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндетін орындамағаны үшін кінәлі деп танылды. Алғашында әйел баласының қорлық көргенін айтып, кінәсін мойындамаған еді.