Ал мәзірде әзірше сусындар, снэктар мен кәдесыйларды таңдауға мүмкіндік бар.
фото: Sputnik / Санат Имангалиев
ERNUR.KZ. Астана қаласында тапсырыстарды дронмен жеткізудің жаңа қызметі таныстырылды, деп жазады sputnik.kz.
Alatau Advanced Air Group компаниясының өкілі Даниил Рутиулиннің айтуынша, "Болашақ ойындарының" қатысушылары мен қонақтары жаңа қызметті тегін пайдалана алады.
Тапсырыс арнайы М-порттарға қысқа уақыттың ішінде жеткізіледі.
"Мәселен, қандай да бір тауарды жермен жеткізетін болса, ауа райы мен көлік кептелісіне қарай белгілі бір уақыт кетеді. Ал қатты боран немесе қар болмаса, әуе жеткізу қызметімен сіздің тапсырысыңыз шамамен 8 минутта жеткізіледі", - деді Рутиулин.
Тапсырысты мобильді қосымшада жасауға болады. Ал мәзірде әзірше сусындар, снэктар мен кәдесыйларды таңдауға мүмкіндік бар. Осы орайда маңызды бір мәселені ескеру керек. Дрон 2,4 келіге дейінгі тапсырысты ғана көтере алады.


