Экспозицияға "Тәуелсіздік сарайы" МҚКК фотожинақтамасы енді.
ERNUR.KZ. Тұңғыш Президент күні қарсаңында 30 қарашада Тәуелсіздік сарайында "Елбасы арманы – асқақ Астана" атты фотокөрме ашылады, деп хабарлайды ЕлордаИнфо.
Көрмеде Елбасының қызметін, негізгі идеяларын, бастамаларын, тәуелсіздіктің қалыптасу жылдары мен ішкі және халықаралық аренадағы экономикалық және саяси жетістіктері туралы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының қазіргі тарихтағы рөлі туралы баяндайтын фотосуреттер қойылады.
Оның экспозициясына «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК-ның фотоколлекциясы да кіреді.
Фотосуреттерде экспозиция авторлары тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен нығаюындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін көрсетуге тырысады.
Фотокөрме 30 қарашадан бастап 30 желтоқсан күніне дейін жұмыс істейді.