Түркістан облысы Түлкібас ауданынының Жыланды ауылында жоғалып кеткен қыз табылды
ERNUR.KZ. Астаналық қыз жігітімен бірге атасының үйіне кетіп қалған. Денсаулықтары жақсы. Анасы қызының жігітімен бірге жүруіне қарсы болған, деп жазады Stan.kz.
“Қызы анасымен ұрысып қалғандықтан кетіп қалған. Жігіті екеуі бірнеше күн Астанада жатақханада бөлме жалдаған. Кейін достарынан ақша алып, Түркістан облысына кетіп қалған”, – дейді еріктілер. Жас жігіт 2001 жылғы.
13 жастағы қыз 21 қазан күні жоғалды. Туыстарымен хабарласып, үйіне келмейтінін айтқан. Бірақ тамағы мен телефон бірлігіне ақша керек екенін ескерткен.