Астанадағы 6 мектепте мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс істеген

0
754

Аталған тұлғалардың педагогикалық қызметі тоқтатылды.


Астанадағы 6 мектепте мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс істеген

ERNUR.KZ. Астана қаласының прокуратурасы елорданың білім беру ұйымдарына тексеріс жүргізіп, бірнеше мұғалім жалған дипломды пайдаланғанын анықтады, деп жазады sputnik.kz.

"Атап айтқанда, жұмысқа орналасу кезінде 6 мектептің мұғалімдері жалған дипломды ұсынып, балаларды оқыту құқығына ие болған", - деп хабарлады прокуратура.
Тексеріс барысында Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі, яғни көрінеу жалған құжатты пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Аталған тұлғалардың педагогикалық қызметі тоқтатылды.