Астанадағы алып сағаттың жабдықтарын ұрлағандар табылмай жатыр

0
404

Өз кезегінде қалалық Урбанистика орталығы техникалық зерттеу жүргізу және субұрқақты іске қосу үшін жеке компанияларды тарту мәселесін қарастырғанын хабарлады.


Астанадағы алып сағаттың жабдықтарын ұрлағандар табылмай жатыр

ERNUR.KZ. 2019 жылдан бері Есіл жағалауындағы алып сағат жұмыс істемей тұр, деп жазады kaz.inform.kz.



Оның тоқтау себебі – сағаттың энергиямен жабдықтау кабельдері мен басқа да керек-жарақтарын ұрлап кеткен.

Полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыстық істі «Есіл» ауданының басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша «Жастар сарайы» директорының өтініші негізінде қозғаған.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі бойынша қылмыстық іс жүргізу ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 45-бабы 7-бөлігі 1-тармағының негізінде, яғни қылмыс жасаған адамның табылмағаны үшін тоқтатылды. Бұл шешім Астана қаласының «Есіл» ауданының прокуратурасымен келісілді. Сонымен қатар күдікті адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс - шаралары жалғасып жатыр», - делінген қалалық полицияның Kazinform агенттігінің сауалына берген жауабында.

Өз кезегінде қалалық Урбанистика орталығы техникалық зерттеу жүргізу және субұрқақты іске қосу үшін жеке компанияларды тарту мәселесін қарастырғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, былтыр күзде Астанадағы алып сағаттың неге жұмыс істемейтіні туралы жазған едік.

Айта кетсек, «Алып сағат» дизайны - су ағыны арқылы лазерлік шоуды таратуға арналған экран ретіндегі субұрқақтың бір түрі. Оның құрылысы 2016 жылы «Су экстраваганзасы» (дизайн жобасы) іс-шарасын дайындау және өткізу үшін сатып алынды.