Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 50-ге жуық таңдаулы тұлпар мен тәжірибелі шабандоз қатысты.
фото: Астана қаласының әкімдігі
ERNUR.KZ. Астанада өткен республикалық бәйгеге 8,5 мыңнан астам көрермен жиналды, деп жазады sputnik.kz.
Астана маңындағы "Қазанат" атшабарындағы республикалық бәйге Мемлекеттік рәміздер күні мен Құрбан айт мерекесіне орайластырылған.
Астанадағы республикалық бәйгеге 8,5 мыңнан астам көрермен жиналды
"Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 50-ге жуық таңдаулы тұлпар мен тәжірибелі шабандоз қатысты. Сәйгүліктер 9 шақырымдық "Құнан" бәйге, 16 шақырымдық "Топ" бәйге және 25 шақырымдық "Аламан" бәйге бойынша бақ сынап, жеңімпаздар анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты ақшалай сыйақылар, екі бірдей "Changan" автокөлігі мен бір бөлмелі пәтер табысталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бәйге күні атшабарда аншлаг байқалып, трибуналар мен көрермендер алаңы лық толды. Бұл көрсеткіш республикалық деңгейдегі ат спорты жарыстарына деген халық қызығушылығының жылдан жылға артып келе жатқанын аңғартады.
Ұлттық спортты ұлықтаған ауқымды іс-шара тартысты бәсекемен ғана емес, көрермендерінің көптігімен де ерекшеленді, дейді әкімдікте.


