Астанадан Белградқа тікелей әуе рейсі ашылды

0
119

Қазақстан мен Сербия арасында визасыз режим қолданылады.


Астанадан Белградқа тікелей әуе рейсі ашылды

фото: Министерство транспорта Казахстана

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Сербия астаналары арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылды, деп жазады sputnik.kz.
Тікелей қатынасты іске қосу туралы келісімге Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға сапары кезінде қол жеткізілді. Жоба Қазақстан сыртқы істер министрлігінің және Сербиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен жүзеге асты.
Белградқа келгеннен кейін қазақстандық делегацияны Сербия президенті Александр Вучичтің тапсырмасымен Сербия Ұлттық жиналысының спикері Ана Брнабич және көлік министрінің орынбасары Верика Ечменица қарсы алды.
"Астана мен Белград арасындағы тікелей рейстердің ашылуы Қазақстан мен Сербия арасындағы байланысты нығайтудағы маңызды қадам болды. Жаңа бағыт екі ел арасындағы бизнес, туризм және мәдени ынтымақтастық үшін жаңа жол ашады", – деп атап өтті Талғат Ластаев.
Қазақстан мен Сербия арасында визасыз режим қолданылады. Ұшу ұзақтығы – 5 сағат 40 минут. Бұл бағыт бойынша жолаушылар тарапынан жоғары сұраныс болады деп болжанып отыр – алғашқы рейсте 92 жолаушы болды.
Астана - Белград - Астана рейстері аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері заманауи Boeing 737 ұшақтарымен орындалады.
SCAT Airlines қазіргі уақытта еуропалық қалаларға да рейстер орындайды:
Астана - Прага – аптасына екі рет, сейсенбі және сенбі күндері;
Шымкент - Будапешт – аптасына екі рет, сейсенбі және бейсенбі күндері;
Шымкент - Мюнхен – аптасына екі рет, сейсенбі және бейсенбі күндері.