Жәрмеңкеге жалпы сомасы 163,1 млн теңгені құрайтын 525 тонна өнім қойылады
Елорданың 20 жылдығын атап өту аясында 7-8 шілде күндері Астана қаласында Түркістан облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңке «Қазақстан» СК аумағындағы алаңда болады. Түркістан облысының шаруалары Астанаға 5 рет ауылшаруашылық жәрмеңкесімен келеді. Онда 14 753 тоннаны құрайтын 28 түрлі ауылшаруашылық өнімін әкеледі. Ауыл шаруашылық өнімдерінің керуені Астанаға 4 шілде күні аттанған
Жәрмеңкеге жалпы сомасы 163,1 млн теңгені құрайтын 525 тонна өнім қойылады, соның ішінде ет және ет өнімдері – 95 тонна, көкөністер – 154 тонна, сүт өнімдері – 46 тонна, көкөніс және жеміс – 46 тонна, жұмыртқа 5 мың дана, балық – 6 тонна, бал – 5 тонна, бақша өнімдері – 80 тонна, түрлі консервілер – 5 тонна, картоп – 32 тонна, басқа да өнімдер – 36 тонна.