Астананың 20 жылдығына 20 қазан палау басылып жатыр

0
2 045

Іс-шара шеңберінде аталған алаңда 4000 адамға арналған 20 қазанда палау даярланады.


Астананың 20 жылдығына 20 қазан палау басылып жатыр

ERNUR.KZ. Астананың 20 жылдығына арналған 20 қазан палау атты қайырымдылық акциясың өткізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«ПАУЛАУ PАRTY» 6 шілде күні сағат 12:00 де «Студенттік» саябағында, Қажымуқан 7/1 көшесінде, Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығы, Қазақстан Студенттер Альянсы мен бірлесіп Қазақстан халқы Ассамблеясы және Астана қаласы әкімдігінің колдауымен өтеді.

Іс-шара шеңберінде аталған алаңда 4000 адамға арналған 20 қазанда палау даярланады. Қаладағы балалар, қарттар және мүгедектер уйлеріне арнайы палау жіберуы жоспарланған. Сонымен бірге Астанада 6 шілде күні туған 20 сәбиге сыйлықтар табыс етіледі.

Іс-шарда Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Л.Прокопенко, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Аманшаев, ҚР Мәжілісінің Сенат және Парламенті депутаттары, дипломатиялық корпустың өкілдері, ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, этномәдени және жастар бірлестіктерінің өкілдері, қонақтар мен қала тұрғындары қатысады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақстан өзбектерінің мәдениеті, өнері, тарихи мұрасы, шығыс қонақжайлығы және ұлттық тағам палауды дайындауымен танысуға мүмкіндік алады.