Ата-аналық бақылау қосымшалары туралы ақпаратты кеңінен таратылып, танымал жаңалық порталдарында жариялап отырады.
ERNUR.KZ. Мәдениет және ақпарат министрлігі өз құзыреттері шеңберінде балаларды зиянды ақпараттан қорғауға, жас ұрпақтың мәдени және зияткерлік дамуына жәрдемдесуге, сондай-ақ саналы ата-ана болу идеясын ілгерілетуге бағытталған кешенді шараларды іске асырып жатыр.
«ҚР балаларды зиянды ақпараттан қорғау туралы» заңы талаптарының сақталуын бақылау шеңберінде БАҚ өнімдерінде, интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар және отбасы істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Лира Раисова ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.
Сонымен қатар ведомство мамандары ата-аналық бақылау қосымшалары туралы ақпаратты кеңінен таратылып, танымал жаңалық порталдарында жариялап отырады.
«Мұндай шаралар ата-аналар мен балалар арасында цифрлық қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардарлық пен жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Балаларды мәдени дамыту мен дарынды балаларды қолдау үшін жағдай жасалып жатыр. Министрлік жанында 10 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Онда 10 мыңға жуық оқушы білім алады. Биыл Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының шамамен 900 оқушысы түрлі ірі халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы атанды», – деді спикер
Елімізде жалпыға қолжетімді 3898 кітапхана жұмыс істейді. Олардың 5 млн-нан астам оқырманы бар. Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға ынталандыру мақсатында Министрлік онлайн-викторина, кітап көрмелері мен челленджер өткізеді. Сондай-ақ «Абай оқулары», «Шәкірім оқулары» сынды іс-шаралар жыл сайын ұйымдастырады. Нәтижесінде соңғы бір жылда кітап оқитындар саны 2 есе ұлғайды. Қазір қазақстандық жастар жыл ішінде шамамен 10-12 кітап оқып шығады.
Елімізде балалар мен жасөсіпірімдерге арналған 6 театр және 7 қуыршақ театры жұмыс істейді. Түрлі мереке күндері олар тегін қызмет көрсетеді.
Балаларды жағымсыз мультмедиалық контенттен қорғау мақсатында Ата-аналар академиясы құрылды. Бұл жоба балаларды зорлық-зомбылық пен суицидтен қорғауға бағытталған. Айта кетерлігі, отбасылық құндылықтарды насихаттау шаралары да үнемі ұйымдастырылып отырады.