"Ата-анасы жүктілігі туралы білмеген": 12 жастағы оқушы туралы тың ақпарат шықты

0
464

Қазіргі уақытта олар күдіктінің отбасымен туыстық қарым-қатынасты тоқтатқан.


ERNUR.KZ. Павлодар облысы Шарбақты ауданы Галкин ауылдық округінде босанған 12 жастағы оқушының ата-анасы еш нәрсені сезбеген. Бұл турлы Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенова әлеуметтік парақшасында айтты, деп жазады sputnik.kz.

Сәуле Шәкенова Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиеваның тапсырмасымен оқушының отбасына барған.
"Анасының айтуынша, бұл отбасы 2019 жылы Қазақстанға Моңғолиядан екі баласымен көшіп келген. Қазақстанда тағы 3 бала дүниеге келген. Қыздың анасы не оқи, не жаза алмайды. Құжаттарға қол қою үшін атын ғана жазып үйренген. Ал отағасының 6 сыныптық қана білімі бар, ешқандай мамандығы жоқ", - дейді Сәуле Шәкенова.
Ауылдық әкімдік қыздың әкесін мектепке от жағушы етіп орналастырған.
"Олар қызының жүктілігі туралы 3 сәуірде мектеп мұғалімдерінен білген. Сол күні заңды өкілдердің рұқсатымен жүктіліктің фактісін растайтын ультрадыбыстық зерттеу жүргізілді. Қыз дереу дәрігерлердің бақылауында болып, аудандық ауруханаға жатқызылған. Онда ол 19 шілдеге дейін болды", - дейді Сәуле Шәкенова.
Оқушы жыл соңына дейін онлайн оқыған. Ауруханада болған 3 жарым ай ішінде болашақ анаға матиериалдық көмек көрсетілген.
"Мектеп оқушысы аман-есен босанған, салмағы 3 360 г дені сау қыз дүниеге келді. Облыстық перинаталдық орталықтан шығарылғаннан кейін жас ананың сәбиімен қай жерге орналасатыны жуық арада шешіледі. Қыздың әкесі де, анасы да жыныстық зорлық-зомбылық фактісі туралы білмеген", - дейді Шәкенова.
Қазіргі уақытта олар күдіктінің отбасымен туыстық қарым-қатынасты тоқтатқан.
Еске сала кетейік, Павлодар облысында 20 шілдеде 12 жастағы оқушы босанды. Бұл оқиғадан соң аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс берілді.