Аттестация: Тесттен өте алмаған мұғалімдерге екінші мүмкіндік беріледі

0
111

​Министрлік жаңа ереже шыққанға дейін аттестациядан өтіп жүрген педагогтерге қатысты тәртіпті түсіндірді.


Аттестация: Тесттен өте алмаған мұғалімдерге екінші мүмкіндік беріледі

фото:baq.kz.

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова педагогтерді аттестаттаудағы тестілеу тәртібіне қатысты түсінік берді. Оның айтуынша, шекті балл жинай алмаған мұғалімдерге қайта тест тапсыру мүмкіндігі қарастырылған, деп жазады baq.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-министр педагогтерге қатысты тестілеу және қосымша ақы төлеу тәртібін түсіндірді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тестілеуден өтіп, шекті балл жинаған және портфолиосын талаптарға сай жасаған педагогтерге біліктілік санатына сәйкес қосымша ақы 1 қыркүйектен бастап төленеді.

Ал алғашқы тестілеуде қажетті балл жинай алмаған, бірақ портфолиосы талаптарға сәйкес келетін мұғалімдерге шілде айында қайта тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі.

Егер педагог қайта тестілеуде де шекті балл жинай алмаса, тиісті біліктілік санаты берілмейді. Мұндай жағдайда олар 1 қыркүйектен бастап енгізілетін жаңа аттестаттау моделіне қатыса алмайды, – деді Шынар Ақпарова.

Сонымен қатар қайта тестілеуден өтуді қаламайтын педагогтер қыркүйек айынан бастап пилоттық режимде іске асатын жаңа аттестаттау жүйесі аясында бағалаудан өте алады.