Атырау әуежайына екі миллион теңге айыппұл салынды

0
620

Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін азаматтық авиация субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.


Атырау әуежайына екі миллион теңге айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Атырау әуежайы жолаушыларға сапасыз қызмет көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады zakon.kz.

Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін азаматтық авиация субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.

"Осылайша, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ жерүсті қызмет көрсету қызметтерінің (жұмыстарының) сапасын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру шеңберінде 2022 жылғы 27 желтоқсанда 2021 жылы инспекциялық тексеру қорытындылары бойынша анықталған ескертулерді орындау және жою бойынша Атырау әуежайына жоспардан тыс инспекциялық тексеру жүргізілді", - деп жазады Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Қорытынды тексеру барысында жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер ететін бұзушылықтар, атап айтқанда, жолаушылар лифтінің болмауы, жүріп-тұруы шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету үшін шарттардың заңнамалық талаптарға сәйкес келмеуі анықталды, сондай-ақ 2021-2022 жылдарға арналған түзету іс-қимылдары жоспарының орындалмау фактісі анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша инспекторлық нұсқама жазылып, орындалу мерзімі 1 ай болатын анықталған ескертулерді жою жөніндегі іс-қимыл жоспары жасалды.

Алайда, анықталған ескертулер мерзімінде жойылмағандықтан, "АТМА – Атырау әуежайы және тасымалдау" АҚ инспекторлық нұсқаманы орындамағаны және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтамағаны үшін 500 АЕК (1 725 000 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеуге тартылды.