Атырау маңында пойыз жүк көлігімен соқтығысты

0
191

Атырау қаласының маңындағы теміржол стансасында жүк пойызының тепловозы мен КамАЗ көлігімен соқтығысты. 


Атырау маңында пойыз жүк көлігімен соқтығысты

ERNUR.KZ. Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобынан мәлім еткендей, оқиға салдарынан үш машинист жарақат алған, деп жазады kaz.inform.kz.

“ Атырау облысында Тендік стансасының күзетілмеген теміржол өткелінде жүк пойызы «КамАЗ» жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысты. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар депаратментінің қызметкерлері жедел жетіп, құтқару жұмысын жүргізді. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тепловоз кабинасынан үш машинист шығарды. Олардың аяқ-қолдары сынған. Зардап шеккен машинистер ауруханаға жеткізілді,” - деп хабарлады департаменттің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы.
Оқиға салдарынан 11 жүк вагоны релстен шығып кеткен. Ал «КамАЗ» көлігінің жүргізушісі зардап шекпеген.

Теміржол стансасындағы оқиғаның салдарынан Қарабатан стансасында «Маңғышлақ-Атырау» жолаушылар пойызы кешіктірілді. Теміржолдағы апаттың салдарын жою үшін қалпына келтіру пойызы жіберілді.

Қазір оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 12 құтқарушы мен 4 арнайы техника тартылған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.