Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағында мұнай шламы тұтанды.
Фото: Досан Құлжанов
ERNUR.KZ. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 12:35–те болған. Зауыттың жабық типтегі механикалық тазарту құрылыстарының тұндырғышында мұнай шламы тұтанған. Оқиға кезінде нысанда ешқандай жұмыс жүргізілмеген, деп жазады inform.kz.
Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Зауыттың баспасөз қызметі кәсіпорынның штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлады.


