Сенат депутаттығына ұсынылған үміткерлердің орташа жасы - 52-де, ал ең жасы - 44-те.
Атырау өңірінен ұсынылған кандидаттардың біреуі облыстық мәслихатпен, төртеуі өзін-өзі ұсынылған азаматтар, деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов мәлімдеді. Оның айтуынша, ұсынылғандардың арасында өндіріс, темір жол, әуежай байланысы және білім саласының қызметкерлері бар.
"Облысымыздан Сенат депутаттығына ұсынылған үміткерлердің екеуі өндіріс, тағы екеуі темір жол, әуежай байланысы салаларының, біреуі білім саласының қызметкері. Үш кандидаттың екі жоғары білімі бар. Нақты мамандықтарына айтар болсақ, 2-уі - экономист, 1 заңгер, 1 психолог, 1 теміржол саласының мамандары", - деді Азамат Айманакумов.
Айта кетейік, Сенат депутаттығына ұсынылған үміткерлердің орташа жасы - 52-де, ал ең жасы - 44-те.