Атырау облысында балықшылар мінген бірнеше көлік су ортасында қалып қойды

0
560

Исатай ауданына қарасты Жанбай аумағында теңізде балық аулап жүрген балықшылар төтенше оқиға оқиғаға тап болды.


Атырау облысында балықшылар мінген бірнеше көлік су ортасында қалып қойды

ERNUR.KZ. Атырау облысында теңіз суы көтерілуі салдарынан балықшылардың көлігі су ортасында қалып қойды, деп жазады exk.kz.

Исатай ауданына қарасты Жанбай аумағында теңізде балық аулап жүрген балықшылар төтенше оқиға оқиғаға тап болды. Желдің қатты соғуынан теңізде толқын тұрып, су жағалауды тұтас басып қалған. Соның кері салдарынан бірнеше көлік су ортасында қалып қойды. Осыдан кейін балықшылар құтқару қызметінің көмегіне жүгінді.

"Исатай ауданында су деңгейінің көтерілуі салдарынан бірнеше көлік су ортасында қалды. Осыған қатысты құтқару қызметіне "Нива" көлігінде екі адам қалғаны туралы шақыру келіп түсті. Құтқарушылар қауіпті жерде қалған адамдарды толығымен эвакуациялады. Кейін олардың медициналық көмекті қажет етпейтіні белгілі болды. Бұдан өзге зардап шеккендер жоқ. Ал суда қалған басқа көліктер су тартылғанан кейін өз күштерімен шықты", — деді Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Аталған оқиға 3 қазан күні күндіз болған. Каспий теңізіне оншақты көлік иесі балық аулауға барған. Бұл аумақта желдің қатты соғуынан су деңгейінің көтерілуі жиі тіркелетін табиғи құбылысқа айналған. Кейін жел басылған соң су кейін қарай тартылады.