Атырау облысында су тасқыны кезінде бөгет салуға көмектескен итті атып кетті (видео)

0
198

Үй жануарының иесі Зәмзәгүл итінің өткен бейсенбі, 28 қарашада атылғанын айтты.


Атырау облысында су тасқыны кезінде бөгет салуға көмектескен итті атып кетті (видео)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Атырау облысында көктемгі су тасқыны кезінде бөгет салуға көмектескен Пшөн есімді итті белгісіз біреулер атып өлтірді, деп жазады stan.kz.

Үй жануарының иесі Зәмзәгүл итінің өткен бейсенбі, 28 қарашада атылғанын айтты. Пшөн туғаннан Атырау облысы Сарытоғай ауылында Зәмзәгүл апайдың отбасында өскен.

"Итімізді әдеттегідей ауланың сыртына жіберген едік. Сосын ол үйге қайтып келді. Алайда денесіндегі оғымен оралды. Итаулаушы үйге жақын жерде еді, неге екені белгісіз, оны көрді де, ата салды. Меніңше олар Пшөнді танымады. Біз итаулаушыны танимыз. Алайда олар неліктен ол жерде жүргенін білмеймін. Бұл біз үшін, біздің ауыл үшін үлкен шығын", – деді Зәмзәгүл.


Пшөннің иесі итке тиген оқ пен жарақат алған жері түсірілген видеоны TikTok желісінде жариялады. Зәмзәгүлдің айтуынша, ит желтоқсан айында үш жасқа толуы керек еді.

"Бұл біз үшін өте ауыр жағдай. Отбасымызбен жануарларды жақсы көреміз. Сондықтан тағы бір ит асырап алуды жоспарлап отырмыз. Бірақ әлі ойланып жатырмыз. Тағы бір ит асырасақ оны Пшөн деп атаймыз", – деді ол.

Еске салайық, Көктемде желіде су тасқынына қарсы жұмыста тұрғындарға белсенді көмектесіп жүрген иттің видеосы тараған еді.