2 адам ауруханаға түсті.
Фото: Pixabay
ERNUR.KZ. Атырау облысының Ресей Федерациясымен шекарасындағы Құрманғазы ауданында төбелестен 1 мерт болды. Екі адам түрлі жарақатпен аудандық орталық ауруханасына жеткізілді, деп жазады inform.kz.
Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Кудряшов селолық округінің аумағында орналасқан Жаңауыл елді мекенінде жанжал туындаған.
"Аталған ауылдағы жанжал кезінде 29 жастағы ер адамды өлтірген 30 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазір адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жанжалға байланысты кешенді тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жанжал кезінде түрлі дене жарақатын алған 20 және 33 жастағы екі ер адам аудандық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір оқиғаның мән-жәйі анықтау үшін тексеру жүріп жатыр. Соңы жанжалға ұласқан құқық бұзушылыққа қатысты 7 күдікті ұсталып, қамауға алынған. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.