Өңір халқы қалыпты өмірге оралуда.
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыстық ауруханаға барып, жарақат алған құқық қорғау органы қызметерлерінің жағдайын білді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде жарақаттанған екі азаматпен тілдескен облыс әкімі олардың тез сауығып шығуын тіледі.
Одан соң қала маңындағы блок-бекеттерге барып, жұмыс барысымен танысты. Мұнда Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері мен Полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп жұмыс істеуде. Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға бақылауды күшейтіп, қауіпсіздікті қатаң қадағалау қажеттігін ескертті.
Өңір басшысы сондай-ақ қаладағы супермаркеттерді аралап көрді. Облыс әкімі жауапты тұлғаларға баға тұрақтылығын бақылауда ұстауды тапсырды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта облыста жағдай тұрақталды. Өңір халқы қалыпты өмірге оралуда.