Бір жолаушы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді.
фото: Rico_Loeb
ERNUR.KZ. Атырау облысы Индер ауданында жол апатынан 4 адам көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
Қайғылы оқиға 29 мамыр сағат 06:30 шамасында Индер–Қарабау тас жолының 15-шақырымында болған.
"Hyundai Sonata маркалы автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылған. Жол апаты салдарынан 42 жастағы жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды", - дейді полиция.
Бір жолаушы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


