Қайғылы оқиға 22 шілдеде тұрмыстық жанжал кезінде болған.
Фото: "Қостанай таңы" газеті
ERNUR.KZ. Атырауда 42 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz.
– Тұрмыстық жанжал кезінде азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталып, қамауға алынды. Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Марқұмның артында төрт баласы қалды. Туыстарының айтуынша, ер адам мен әйел алты жыл азаматтық некеде тұрған. Сондай-ақ олардың мәліметінше, күдікті әйелге 28 рет пышақ жарақатын салған. Қылмысқа ерлі-зайыптының үш жасар қызы куә болған.


