Ер адамның қолында бензин құйылған пластик бөтелке болған. "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ERNUR.KZ. Атыраудың 32 жастағы тұрғыны қалалық прокуратура алдында өзін-өзі өртеп жіберемін деп қорқытты, деп жазады sputnik.kz.
Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқиға 29 шілде таңғы 6:10-да болды.
Ішімдік ішкен ер адам прокуратура ғимаратының алдына келген. Оның қолында бензин құйылған литрлік пластик бөтелке болыпты.
Сондай-ақ ер адамға қатысты "Ұсақ бұзақылық" және "Құқық қорғау қызметкерінің заңды өкіміне бағынбау" баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.