Атырауда 15-қабаттан құлаған лифт бойынша қылмыстық іс қозғалды

0
427

Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам ауыр жарақат алды.


Атырауда 15-қабаттан құлаған лифт бойынша қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Атырау облысы полиция департаменті істі ҚР Қылмыстық кодексінің 280-бабы («Сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтiк қызметтер көрсетуді тиісінше орындамау») бойынша тергеп жатыр, сараптама тағайындалды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Естеріңізге сала кетсек, 4 тамызда Residence Ardager ТК (Атырау сауда орталығы жанында) 15-ші қабаттан лифт құлады, салдарынан «Lift Invest» ЖШС-ның 39 жастағы жұмысшысы қаза тапты.

Оқиға салдарынан ауыр жарақат алған екінші жұмысшы облыстық ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, оған ота жасалды, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты ауыр.