Бала балконнан түрлі зат лақтырып, тұрғындардың назарын аударған.
ERNUR.KZ. Атыраудағы көпқабатты тұрғын үйдің 9-қабатындағы пәтер балконында жалғыз қалған екі жасар бала құтқарылды, деп жазады Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, 4 маусым күні сағат 17:00 шамасында патрульдік полиция экипажына Береке шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің 9-қабатының балконында кішкентай баланың тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Тұрғындар 9-қабаттан жерге түсіп жатқан түрлі затты көріп, артынша баланы байқаған. Бала балконнан түрлі тұрмыстық заттарды лақтыра берген», - делінген хабарламада.
Патрульдік полиция инспекторлары Еламан Тілешов пен Нұрбол Багетов баланың өміріне қауіп төніп тұрғанын анықтап, дереу эвакуациялауға арналған өрт жағдайындағы сатымен 9-қабатқа көтеріліп, баланы құтқарады.
Полиция баланың пәтерде жалғыз, ата-ана қарауансыз қалғанын анықтады.