Атырауда алабай ер адамды талап тастады

0
679

Ер адам ауруханаға жатқызылды.


Атырауда алабай ер адамды талап тастады

ERNUR.KZ. Атырау қаласының Балауса ықшам ауданында ер адамды ит талап тастады, деп жазады sputnik.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адам үйіне кіріп бара жатқанда көршісінің қатты айқайын естіп, жүгіріп келгенде оны иттің талап жатқанын айтады.

Кадр сыртындағы дауыс: "Алабай тұқымдас ит болуы керек, әрең дегенде арашалап қалдық. Жеп қоятын түрі бар. Ит келесі көшені айналып қашып кетті" дейді.
Ал зардап шегуші иттің аяқ-қолын талап тастағанын айтады. Жедел жәрдем оны ауруханаға алып кетті.