Атырауда асфальт төсейтін техника басып кеткен құрылысшы қайтыс болды

0
819

Асфальт төсейтін техника жүргізушісі байқаусызда учаске басшысының аяғын мыжып кеткен.


Атырауда асфальт төсейтін техника басып кеткен құрылысшы қайтыс болды

ERNUR.KZ. 3 қазан сағат 17.30-да Ақтөбе – Атырау – Астрахан тасжолының Қызылқоға ауданындағы учаскесінде жол-құрылыс жұмыстары кезінде адам өліміне әкеп соққан апат болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Асфальт төсейтін техника жүргізушісі байқаусызда учаске басшысының аяғын мыжып кеткен. Оқыс оқиғадан зардап шеккен азамат ауруханаға жеткенде қайтыс болған.

Бұл жағдайға байланысты сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.