Атырауда бардың күзетшісі мониторинг тобының қызметкерін соққыға жықты

0
493

Бар барлық тыйымға қарамастан түнімен жұмыс істеді.


Атырауда бардың күзетшісі мониторинг тобының қызметкерін соққыға жықты

ERNUR.KZ. 1 тамызда Атырауда таңғы 4 шамасында «танымал» «Рыба моей мечты» караоке-барының күзетшісі мониторинг тобының мүшесін соққыға жықты, деп жазады Ақ Жайық.

Бар барлық тыйымға қарамастан түнімен жұмыс істеді. Атырау қаласы әкімдігі жанындағы мониторинг тобының мүшелері ереже бұзушылықты рәсімдеу үшін ішке кірмек болған. Бірақ күзетші кедергі келтіріп, қалалық жер қатынастары бөлімінің қызметкеріне жұдырық ала жүгірген.
- Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.