Атырауда бір түнде айлық нормада көп жаңбыр жауған

0
170

Жұмысқа 40 вакуумды техника жұмылдырылып, 6 450 текше метр су сорылды.


Атырауда бір түнде айлық нормада көп жаңбыр жауған

Фото: видеодан алынған скрин

ERNUR.KZ. Атырауда бір түнде 24 мм жаңбыр жауған. Айлық орташа норма 17 мм болса, жауын-шашын бір жарым айлық мөлшерде түскен, деп жазады inform.kz.

Атырау қаласы әкімдігінің мәліметінше, жұмысқа 40 вакуумды техника жұмылдырылып, 6 450 текше метр су сорылды. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

– Коммуналдық қызметтердің жұмысы күні бойы үздіксіз жалғасуда. Қала көшелері мен әлеуметтік нысандар аумағы тазартылып жатыр. Тұрғындардан түскен 109 өтініш қаралып, су жиналған учаскелер кезегімен құрғатылуда. Қазіргі уақытта 21 вакуум техникасы жұмыс атқаруда. Қосымша вакуум техникаларын тарту жоспарланып отыр, - деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 109 бірыңғай байланыс орталығына 14-15 сәуір күні жауын суын тазарту туралы 393 қоңырау түскен, 57 өтініш орындалып жатыр.

Бұған дейін Атырауда бірнеше сағат бойы тоқтаусыз жаңбыр жауып, қозғалыс қиындағанын жазған едік.