Атырауда екі жігіт тірідей көміліп қалды

0
931

Трактор үйдің алдын қазып жатқанда, су құбыры жарылып кетеді.


Атырауда екі жігіт тірідей көміліп қалды

ERNUR.KZ. Атырауда 32 және 22 жастағы екі көрші тірідей топыраққа көміліп қалды, деп жазады exk.kz.

Қайғылы оқиға 18 маусымда Атырау қаласы маңындағы Жұлдыз ықшамауданында болған.
Трактор үйдің алдын қазып жатқанда, су құбыры жарылып кетеді. Екеуі құдыққа түсіп, құбырды жөндеп жатқанда үстеріне топырақ құлап кетіп, тірідей көміліп қалады. Олардың денелері құдықтан шығарылды.
Құқық қорғау органдары тексеру амалдарын бастап кетті. Қан жұтқан екі көрші үй марқұмдардың садақаларына дайындалып жатыр.