Бұл жағдайға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
фото: ашықдереккөзден
ERNUR.KZ. Атырауда 59 жастағы электр бағанында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыны тоқ соғып, қаза тапты. Қайғылы оқиға 25 тамыз күні 14:30 шамасында Нұрсая-3 мөлтекауданында болған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-тармағы (Абайсыздықта адам өліміне әкелген еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.