Атырауда қашықтықтан оқытуға рұқсат етілді

0
1 784

​Ол баланың білім көрсеткішіне байланысты.


Атырауда қашықтықтан оқытуға рұқсат етілді

ERNUR.KZ. Атырауда баланы мектепте дәстүрлі форматта оқытудан бас тартқан ата-аналарға онлайн оқытуға мүмкіндік жасалды. Дегенмен, ол үшін қойылатын талаптар бар, деп жазады inbusiness.kz.

Айта кетейік, мұнайлы өңірде биылғы оқу жылында балалар мектепке барып оқитын болған. Алайда, қала шетіндегі Дамба ауылы тұрғындарын ұл-ұыздарын білім ошағына жіберуге қарсы болып, қашықтықтан оқытуды талап етіп шу шығарған болатын. Қазіргі күні қалалық білім бөлімі ата-аналардың өтініші бойынша оқушылардың асинхронды, яғни, қашықтықтан оқу мүмкіндігі барын хабарлады.

«Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 31 тамыздағы бұйрығына сәйкес, білім алушылардың ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдерінің өтініші негізінде үй жағдайында қашықтықтан (өз бетінше) оқытуға жол беріледі. Бұл процесс өтініш негізінде мектеп директорының бұйрығымен рәсімделеді. Алайда, БЖБ және ТЖБ нәтижелері қанағаттанарлықсыз болған жағдайда оқушылар оқуды штаттық режимде жалғастырады. Оқу процесін қашықтықтан ұйымдастыру үшін жалпы білім беретін мектептер «Bilim Land» интернет-платформаларымен шарт жасасты және «online mektep» ресурсымен жұмыс істейді», - деп нақтылады қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза Шангереева.

Белгілі болғандай, өңірде қазір балаларды онлайн оқытатын мүмкіндік жоқ, себебі, педагогикалық мамандар саны тапшы. Сондай-ақ, мектептерде барлық санитарлық талаптар қатаң сақталып отыр, сол себепті ата-аналардың алаңдауына негіз жоқ деп саналады.