Ескеркіш облыстық сот ғимаратының орталық кіре берісіне орнатылды.
ERNUR.KZ. Атырауда Төле, Қазыбек және Әйтеке биге алып ескерткіш қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық сот ғимаратының орталық кіре берісінде қазақ билеріне ескерткіш орнатылды. Мерекелік шараға Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов, Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов және Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым, зиялы қауым өкілдері және ақындар қатысты.