Көліктің салонында ешкім болмаған.
ERNUR.KZ. Атырауда көлік мұз астына түсіп кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Тойота Хайлюкс» көлігінің Жайық өзенінде қатқан мұз астына түсіп кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 7 желтоқсанда болған. Оқиға орнына шақырту сағат 13:10-де түскен.
Атырау қаласына таяу орналасқан Дамба ауылдық округіне қарасты Пешной учаскесі тұсында Жайық өзенінде мұз ойылып, автокөлік түсіп кеткені анықталған. Көлік өзен жағасынан 15 метр қашықтықтан табылған.
«Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері сүйменмен мұзды ойып, автокөліктің артқы дөңгелегіне арқан байлап, жағаға шығарды. Мұз астындағы көлікті шығару жұмыстарына жедел құтқару жасағының 6 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Көліктің салонында ешкім болмаған.