Атырауда «Мемлекеттік қызметшілер аллеясы» ашылды

0
1 281

Аллеяда әйнектен жасалған 11 стенд орналастырылған.


Атырауда «Мемлекеттік қызметшілер аллеясы» ашылды

Тұңғыш Президент күніне орай Атырауда «Мемлекеттік қызметшілер аллеясының» ашылу салтанаты өтті. Шараға Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты,деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аталған аллеяда әйнектен жасалған 11 стенд орналастырылған. Олар Тәуелсіздік алған сәттен бастап еліміздің мемлекеттік қызметі дамуындағы маңызды 3 кезеңін толық қамтиды.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салауат Мүксімовтің айтуынша, аллеяға орналастырылған стендтер – мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен транспаренттілігінің көрінісін сипаттайды .

Аталмыш аллея ұлт ұлағаты жолында есепсіз тер төгіп жүрген мемлекеттік қызметшінің еңбек жолын одан әрі ұлықтай түсеріне сенімдіміз. Аллеяда әйнектен жасақталған стендтер мен мемлекеттік қызметке жаңадан келген азаматтардың ашық аспан астында Ант қабылдауына арналған ортақ алаң жасалған, - дейді Салауат Мүксімов.

Айта кетелік, «Мемлекеттік қызметшілер аллеясы» облыстық «Nur-Otan» партиясының ғимараты жанында, Әйтеке би көшесінде орналасқан.