Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкеновтың тапсырмасымен мектеп-интернат басшылығының тарапынан қол көтеру жағдайына байланысты қызметтік іс жүргізетін комиссия құрылды және қылмыстық қудалау, оның ішінде жұмыстан босату туралы шешім қабылданады.
ERNUR.KZ Атырау облысындағы мектеп-интернат басшылығына қатысты қызметтік тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкеновтың тапсырмасымен мектеп-интернат басшылығының тарапынан қол көтеру жағдайына байланысты қызметтік іс жүргізетін комиссия құрылды және қылмыстық қудалау, оның ішінде жұмыстан босату туралы шешім қабылданады.
"Қазір прокуратура қол көтерген тәрбиешілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл жабайылық және біз бұған тосқауыл қоюымыз керек, алдымен мектеп-интернаттардың басшылығын тексерген жөн, бұл өз қызметтеріне салғырт қарау. Барлығын тексеріп, қатаң жазалау керек", - деп тапсырды Серік Шапкенов комиссия жиынында.
Сонымен қатар, облыс әкімінің бірінші орынбасары мүмкіндігі шектеулі балаларды қадағалайтын жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқармасы басшысының орынбасарына сөгіс жариялауды тапсырды.
"Комиссия құрамына қоғам белсенділері кіреді, осы комиссияға кез келген мекемені кез келген уақытта қадағалап, тексеру құқығы берілуі тиіс, ерекше балаларды оқытуды жеке қадағалаған жөн",- деді Шапкенов.