Атырауда мұғалімнің өліміне қатысты сот процесі басталды

0
68

Сараптама қорытындысына сәйкес, әйелдің денесіне кемінде 11 жерден пышақ сұғылған.


Атырауда мұғалімнің өліміне қатысты сот процесі басталды

Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Атырауда мұғалім әйелдің қазасына қатысты резонансты іс сотқа жетті. Істі судья Зарема Хамидуллина қарап жатыр. Тергеу нұсқасына сәйкес, әйелді өз күйеуі өлтірген. Ерлі-зайыптылар 13 жыл бірге тұрған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Марқұмның туыстары олардың арасында үлкен жанжал болғанын ешқашан естімегенін айтады.

«Күйеуінің төрт баласы болды, тағы екеуін бірге тәрбиеледі. Алты баланың бәрін осы кісі өсірді. Ешқандай үлкен жанжал болғанын естіген емеспіз. Оқиғадан кейін бәріміз шок болдық. Бұған дейін ештеңе білмедік», – дейді Муслима Елеусинованың туысы.

58 жастағы әйел 2026 жылғы 16 наурызға қараған түні қаза тапқан. Түнгі сағат 03:30 шамасында полицияға тұрмыстық жанжалдың қайғылы жағдайға ұласқаны туралы хабар түскен. Тергеу мәліметінше, 63 жастағы Сәрсен Өтеулиев жанында бала болған кезде әйеліне шабуыл жасаған. Сараптама қорытындысы бойынша әйелдің денесіне кемінде 11 жерден пышақ жарақаты салынған.

Тергеушілер қылмыс қасақана жасалған деп есептейді. Сондай-ақ күдіктінің сол сәтте мас болмағаны анықталған. Қаза тапқан Әлия Елеусинова білім беру саласында 40 жылға жуық еңбек еткен.

Сот отырысында айыпталушы кінәсін мойындап, көзіне жас алды.

«Мойындаймын, бәрін мойындаймын. Полицияны да, жедел жәрдемді де өзім шақырдым», – деді ол.



Келесі сот отырысы 5 маусымға белгіленді.