Атырауда мұздың астына түсіп кеткен ер адамның мәйіті 2,5 айдан кейін табылды

0
643

Жұмыскер ауылы маңындағы көлік көпірі астынан екі адам балық ауламақ болған кезде мұз ойлыып, суа түсіп кеткен болатын.


Атырауда мұздың астына түсіп кеткен ер адамның мәйіті 2,5 айдан кейін табылды

ERNUR.KZ. 5 қаңтар күні Жайық өзеніне батып кеткен азаматтың денесі табылды, деп жазады sputnik.kz.

Құтқарушылар 48 жастағы тұрғынның мәйітін 22 наурыз сағат таңертең сағат 9.30 шамасында Жұмыскер-Балықшы көпірінің астынан алып шықты.
Марқұмды іздестіру жұмыстары осыдан 5 күн бұрын жанданған еді. Еске сала кетейік, жыл басында Жұмыскер ауылы маңындағы көлік көпірі астынан екі адам балық ауламақ болған кезде мұз ойлыып, суа түсіп кеткен болатын.
Оқиға орнына жеткен мамандар бір адамды судан аман алып шықты. Ал, екіншісін он күн іздеп таппаған соң, іздестіру жұмыстары тоқтаған еді.