Атырауда ойнап жүрген 9 жасар ұлды танымайтын жігіт соққының астына алған (ВИДЕО)

0
97

​Қазір полиция күдіктіні іздеп жатыр.


Атырауда ойнап жүрген 9 жасар ұлды танымайтын жігіт соққының астына алған (ВИДЕО)

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Бүгін әлеуметтік желілерде Атыраудағы қорқынышты оқиғаның видеосы тарады: ақ киімдегі жігіт аулада ойнап отырған екі баланың жанына келіп, біреуін ұра жөнелген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға орнына бір ересек адам келсе де баланы соққан жігітті ұстамай, жібере салған. Атырау полициясы қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғап, күдіктіні іздеуге кіріскен.

«Атырау қаласындағы аулалардың бірінде 9 жастағы жасөспірімді ұрып-соғу дерегіне қылмыстық іс тіркелді. Полиция күдіктінің жеке басын анықтау үшін әрекет етіп жатыр. Бейнекамералардың жазбаларын зерделедік. Оқиғаның куәгерлерінен жауап алдық. Бала жеңіл жарақат алған», - деп хабарлайды Атырау полициясы.