Атырауда полицейлер жарақат алған екі жасар баланы ауруханаға жедел жеткізді

0
88

Полицейлердің кәсіби әрі үйлесімді әрекетінің арқасында бүлдіршін дер кезінде медициналық көмек алды.


Атырауда полицейлер жарақат алған екі жасар баланы ауруханаға жедел жеткізді

ERNUR.KZ. 4 маусым күні сағат 22:10 шамасында Атырау облысы полиция департаменті патрульдік полиция ротасының аға инспекторы Ернар Қайржанов пен Нұркен Маратов Исатай ауданының Тұщықұдық ауылы маңындағы теміржол өткелі аумағында қызмет атқару барысында шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған екі жасар баланы ауруханаға жеткізуге көмек көрсетті.

Теміржол өткелінде кезекте тұрған Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі тәртіп сақшыларына жүгініп, екі жасар баланың трактордан құлап, басынан жарақат алғанын хабарлап, оны ауруханаға шұғыл жеткізуге жәрдем сұраған.

Жағдайдың күрделілігі мен уақыттың тығыздығын ескерген полиция қызметкерлері арнайы жарық және дыбыс белгілерін пайдаланып, баланы әжесімен бірге аудандық ауруханаға жедел жеткізді.

Полицейлердің кәсіби әрі үйлесімді әрекетінің арқасында бүлдіршін дер кезінде медициналық көмек алды.

Атырау облысы полиция департаменті азаматтарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруге, кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдырмауға және қауіпті техникалар мен өндірістік нысандардың маңында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу