Жасөспірімдерді іздеу 13 маусым күнгі кешкі мезгілден бері жалғасып жатыр.
ERNUR.KZ. Атырауда Жайық өзеніне батқан ағайынды жасөспірімдер әлі табылған жоқ, деп жазады inbusiness.kz.
"Сол күні кешке Атырау қаласының іргесіндегі Геолог елді мекенінің тұсында бір топ жасөспірімнің Жайық өзеніне шомылуға барғаны анықталды. Олар өзеннің шомылуға тыйым салынған белгі орнатылған жерінде суға түскен. Сол кезде 2007 және 2008 жылы туған ағайынды жасөспірімдер суға батып кеткен", - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев пен төтенше жағдайлар департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы, полковник Асқат Ержанов жасөспірімдер суға батқан орынға барды.
Құтқарушылар жасөспірімдерді 14 маусымда да іздестірді. Алайда, әзірге нәтиже жоқ. Ал 15 маусымда Жайық өзенінен іздестіруге 10 кұтқарушы, 4 қайық тартылды. Олар іздестіру жұмысын әлі жалғастырып жатыр. Қазір іздестіру жұмысына өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары, жедел құтқару жасағының бастығы Ә.Жұмалиев басшылық жасауда.